Блогкемптің жарқын сәттері: Менің аппаратыма жарқ етіп түскен бейнелер

Араға жыл салып «BlogCamp-IV» те келіп қалды
Ал келесі бізде жылы бесжылдық екен ғой блогерластар-бауырластар
Блогыма жазбағалы бір айдан асып кетіпті. Бүгін ноутты қолға алып, пост жазуға бірден-бір басты себеп БлогҚұрылтай аясында өтіп жатқан «Блогқұрылтайларға» шолу байқауы болып отыр
Фотобайқаудың шарты бойынша «Блогкемптің жарқын сәттерін» көрсетуіміз қажет екен. Мен ойлана келіп «BlogCamp-2013» -те орын алған ең қызықты, нақтырақ айтам менің фотигімнің объективіне «жарқ-жарқ» етіп түссіп қалған блогерлердің жарқын бейнелерінен құралған фотожинақ ұсынбақпын
Ал баянымды бастайын  Бірақ коментпен қостай алмаймын. Өйткені мұнда суреттер өзі «сөйлейді»
BlogCamp: Блогкемптің жарқын сәттері: Менің аппаратыма жарқ етіп түскен бейнелер

Әрі қарай

Қасиетті Мекка мен Медина.

Қажылық парызын өтеу мұсылман армандарының бірі. Тәуелсіздігімізбен дініміз келгені белгілі. Қазір таңда ақшасы бар адам қажылық сапарын өтей алады. Тіпті орташа жалақысы бар адам да қажылыққа бара алады біздің елде. Себебі елімізге берілетін квота өзге елдерге қарағанда жеткілікті. Білуімше жыл сайын қазақстандықтардың қажылық сапарын өтеу үшін 5 мыңнан астам квота беріледі. Егер де малазиялықтар өмірінде бір рет болсын қажылыққа бару үшін біздің елдегідей бала-бақша тізіміне туа салысымен жазылғандай дүниеге келгеннен кезекке тұрса, қытайлық мұсылмандардың кейбірі өз кезегін 25 жыл күтеді екен. Біздің жұртшылық Алланың жазуымен Аллаға шүікр барамын десе, ақшасы болса баруына бар мүмкіндіктер қарастырылған. Қажылыққа барғандар жақсы біледі. Кей кездері қажылыққа барып тұрып, парызын өтей алмай елге қажы болмай келгендер бар. Ондай да көбінесе жұртшылық қажылық парызын өтеу тек Алланың қалауымен ғана таңдалған адамдар бара алады дейді. Десе де, бұл сапарды өтеген адамдардың өмірін екі кезеңге бөледі. Оның бірі қажылыққа дейінгі өмір де, қажылықтан кейінгі өмір. Қажылықтан кейінгі өмірдің жақсы жаққа бұрылуы ол парыздың қабыл болуының бірден бір дәлелі болса керек. Бірақ ол жайында кеңірек дін қызметкерлері айтып бере алады. Мен Қасиетті Рамазан айы мен Қадір түнінің қарсы алдында сіздерге қажылық сапарда түсірілген фотосуреттер көрсеткім келеді. Себебі Пайғамбарымыздың (с.а.с) табаны тиген, Қасиетті Қадірлі Мекке мен Медина қалаларында болған адамның сезімі мәңгілік есте қалады. Оны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл ретте суреттер сөйлесін. Керек инфоның жамағаты ұстаған оразаларыңыз бен Қадір түнінде тілеген тілектеріңіз қабыл болсын! Алла тағала сіздерге екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Әумин!
Әрі қарай

Сурет әлемінде жаңа стиль

Малайзиялық суретші Винс Лоу сурет салудың жаңа стилін ашты. Суретші-иллюстратор сурет салу кезінде қолын сурет парақшасынан алмай(яғғни қаламды көтермей) сурттер салған. Төменде суретшінің үздік портреттеріне шолу:
Әрі қарай

Қой сүйеді баласын "қоңырым" деп...

Зайсан ауданы, Қалихан елдімекеніндегі Ақжон жайылымында байыс тұқымды саулықтар төлдеп жатыр. Жартылай қылшық жүнді, қысқа, құм мен шөлге төзімді, қоңын мойны мен сүбесіне жинайтын байыс қойлары үшемнен тууда. Қара Ертістің бойындағы Ақжон жайылымына барып, керемет көріністі тамашалап қайттым.

Атам қазақта сиыр егіз туса біреуін туған-туыс, көршісіне сыйлаған, ал жылқы егіз туса жамандықтың белгісі, соғыс болады деп сенген. Ал қойдың егіз тууы жақсылықтын нышаны болып саналады.
Әрі қарай

Туған жер ыстық әрқашан...

Тағы да жолда келем… Тағы да шеті де, шегі де жоқ тұңғиық ойлар… Туған өлкемнің ұшқан құсы, жыбырлаған жәндігі, сылдырап аққан суы мен қимылсыз тұрған тау-тасы да жанымды жадыратып, кеудеме қуаныш сезімін ұялатады. Адам аяғы баса бермейтін, жүрекке тыныштық орнататын жерлермен жүре бергім, жүре бергім келеді. Бұл жазбада Сіздермен көзіммен көріп, көңілімде қалған кейбір көріністермен бөліспекпін:

Бозарып таң атқанда...

Жапандағы жалғыз ағаш
Әрі қарай

Күзгі көріністер

Кейде қаламым жүрмей қалады. Таңнан кешке дейін алдымда жатқан ақ параққа ары үңіліп, бері үңіліп отырып, уақытты босқа өлтіріп аламын. Сондай сәттерде қала сыртына шығып, ой сергітіп қайтқым келеді. Кеше газетті Зырян қаласына апаратын жүргізуші ағаға «Зырянға мені ала кетіңізші» деп едім "Өзің біл" деді.

Біз жолға шыққанда жол бойы жауын жауды. Таза ауамен тыныстап, бір серпіліп қалғандай болдым. "Қазақтың бойындағы кең пейілділік осы шексіз де шетсіз болып көрінетін кең даладан дарыған-ау" деген ойға кеттім. Әр түрлі ойға жетелейтін мына бір көріністерге сіздер де куә болыңыздар…

Әрі қарай